«Глобус» ЖШС – арнаулы әскерилендірілген күзет
«Глобус» ЖШС таныстыру хаты
«Глобус» ЖШС – арнаулы әскерилендірілген күзет 1996 жылдан бері мынадай қызметтерді көрсетіп келеді:
- жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және басқа қол сұғушылықтан сақтандыру;
- жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды қарсы қол сұғушылықтан сақтандыру болып табылады.
«Глобус» ЖШС кәсіпорындарды, оның ішінде шетелдіктердің қатысуымен, кен орындарды, Компаниялардың кеңселерін, тұрғындардан төлемдерді қабылдау пункттерін, кассалар, құнды металдар және әшекей бұйымдар қоймаларын күзетуде, VIP – тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен тәжірибеге ие.
Компания басшылары Қазақстан Республикасының арнайы қызметтерінде, құқық қорғау органдарында қызмет атқарған тұлғалар.
- Баекенов Булат Абдрахманұлы, бас директор
- Керімбаев Биғали Даниялұлы, атқарушы директор
Қазіргі таңда ЖШС «Глобус» қызметкерлерінің жалпы саны 2500-ден аса адамды құрайды. Күзет қызметкерлері, супервайзерлері, менеджерлері және басқа да компания қызметкерлері – Қазақстан Республикасының ҚҰБ, ІІМ және қарулы күштер қатарында шыныққан, тәжірибелі, өз ісінің мамандары, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының Күзет Ұйымдарының Қауымдастығының мамандандырылған оқу орталықтарында дайындықтан өткен, ол ұйымның негізін қалаушылардың бірі «Глобус» ЖШС болып табылады.
2004 жылы қыркүйек айында Женева қаласында (Швейцария) «Глобус» ЖШС «Іс тәжірибесіндегі жоғары сапасы» үшін халықаралық қордың алтын алқасымен марапатталды. Сол жерде «Глобус» ЖШС Бас директоры, іскерлік тәжірибеде сапаны әлемдік үлгіге сәйкестендіру туралы қор хартиясына қол койды. Халықаралық форумға қатысу, Компанияны жетекші әлемдік өнеркәсіп, бизнес, ғылым және мәдениет салалары өкілдері қатарына шығарды. Осы сәттің арқасында, фирмаға жаңа іскерлік, тәжірибелік және жеке қарым-қатнастарды орнатуға көптеген мүмкіндіктер туды.
ҚАЗ
РУС
ENG 




